Еліміздің үздік педагогтары марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің үздік педагогтары марапатталды

30.09.2021

Еліміздің ең үздік педагогтары анықталды. Қостанайда биылғы байқаудың ақтық кезеңі өтіп, ұстаздық қызметтің озаттары марапатталды. 64 мұғалім осы атаққа лайық деп танылған. Олар қомақты қаржылай сыйлықпен қатар, арнайы төсбелгіге ие болды. Министр Асхат Аймағамбетов бұл рәсім ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен ұлы ұстаз Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келгенін ерекше атап өтті. Осыған байланысты іс-шараны аса көрнекті ағартушының туған өлкесінде өткізу шешімі қабылданған.

Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым министрі:

Педагогтың статусы тек жалақымен ғана есептелмейді. Әрине ол педагогтың шеберлігімен, педагогты басқа өзіне тән емес жұмыстан қорғау, т.б мәселелерге байланысты екені сөзсіз.


Хабарламаларға жазылу