Сахнаға алғаш рет әкеммен шықтым – Сэм Он - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сахнаға алғаш рет әкеммен шықтым – Сэм Он

23.07.2014
Сахнаға алғаш рет әкеммен шықтым – Сэм Он

Сэм Он Санкт-Петербургте дүниеге келіп, 10 жыл Израильде тұрған. Қазіргі кезде Берлинде өмір сүреді. Акробатика және бимен 15 жасынан бастап айналысады

Сэм бірнеше тіл үйреніп, шығармашылығын дамытуды жоспарлауда. Оның музыкалық талабын ең алғаш рет ата-анасы байқаған.

«Мен сахнаға алғаш рет әкеммен 5-6 жасымда шықтым», - деп еске алады әнші. Бар ынта-ықыласымен Х. Мураками мен ағайынды Стругацкийларды оқиды. Кішкентай кезінде композитор болуды армандаған Сэм туған күніне «Steinway» роялін алса, қуанышында шек болмаушы еді.

Ең алғашқы гонорарын 16 жасында Израильде сахнада өз ұстазымен «сapoeira» (би мен акробатика элементтері бар бразилиялық жекпе-жек түрі) билеп тапқан.

Қатысушы барған елдердің арасында Жапонияны ең қызықты болыпты. Сэмге бұл сапардың әсер еткені соншалық, қазір жапон тілін үйреніп жүр. «Байқау кезінде басқа ештеңеге алаңдамай, тек осы «Жаңа толқын 2014» бәйгесін ойлағым келеді», -  дейді Израиль елінің өкілі.

Хабарламаларға жазылу