Германиялық үміткер: Анамның арқасында кениялық мәдениет пен дәстүрден ажырап қалмадым - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Германиялық үміткер: Анамның арқасында кениялық мәдениет пен дәстүрден ажырап қалмадым

23.07.2014
Германиялық үміткер: Анамның арқасында кениялық мәдениет пен дәстүрден ажырап қалмадым

«Жаңа толқын – 2014» байқауының үміткері Гледис Дамарис Кенияның Момбаста қаласында туған. «Мен 3 жасымнан бастап Германияда өстім. Маған кениялық тамақтарды пісіруді мирас етіп қалдырып, суахили тілін үйреткені үшін анама мың алғыс айтамын. Мен осының арқасында кениялық мәдениет пен дәстүрден ажырап қалған жоқпын», - дейді байқауға қатысушы.

Гледис 15 жыл бұрын әлеуметтік жағдайы нашар және аз қамтылған отбасыдан шыққан дарынды балаларға арналған «One World Project» хордың қатысушы болған. Ал, қазіргі таңда ол осы жобаның жетекшісі.

Әншінің арманы – аз қамтылған отбасыдан шыққан дарынды балаларды қолдайтын Қор құру. Гледис «Х-Фактор» (Германия, 2011 жыл) байқауында үздік 10 әншінің қатарында болған.

«Жаңа толқын-2014» байқауына жиналған әртістердің жоғары деңгейін көрген германиялық әнші: «Маған бұл байқауда ән айту - үлкен құрмет. Өзіме және барлық қатысушыға тек керемет көңіл-күй мен ұмытылмас шақтар тілеймін», - дейді Гледис.

Хабарламаларға жазылу