Мәжілісте әйелдердің 61 жаста зейнетке шығуын бекітетін заң жобасы мақұлданды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжілісте әйелдердің 61 жаста зейнетке шығуын бекітетін заң жобасы мақұлданды

26.10.2022

Мәжілісте әйелдердің 61 жаста зейнетке шығуын бекітетін заң жобасы мақұлданды. Депутаттар сонымен қатар «жастар» ұғымының жас шегіне де түзету енгізді. Енді 35 жасқа дейінгі азаматтар да жастар қатарына қосылады. Жаңа заң жобасында бала күтімі бойынша төлемдерді тағайындау кезеңінің ұзақтығын 1,5 жасқа дейін созу қарастырылған. Ал, әйелдер үшін зейнеткерлікке шығу жасын 2028 жылға дейін 61 жас деңгейінде бекіту көзделген. Мұндай өзгеріс тұрғындардың жас ерекшелігіне қарамай әлеуметтік белсенділігін арттыруға ықпал етеді дейді депутат.

Жәмилә Нұрманбетова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Заң жобасы шеңберінде қаралатын мәселелер аясының кеңеюін ескере отырып, депутаттар заң жобасының тақырыбын «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» деп өзгерту жөнінде ұсыныс енгізді.

Сәбит Әлдебай

Хабарламаларға жазылу