Алматыда үй жануарларына чип салынып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда үй жануарларына чип салынып жатыр

18.04.2022

Үй жануарын тіркемеген тұрғындар енді айыппұл төлейді. Алматыда ит пен мысықтарға чип салу жұмыстары басталды. Жыл соңына дейін 15 мың жануар чиптеледі. Яғни, иелері енді үйде асырап отырған ит, мысығына заңды түрде жауапты болмақ. Қалалық ветеринария орталығының хабарлауынша қазір азамттардың өздері чиптеуге қатысты өтініштер беріп жатыр екен. 

Ирина Гагаринаның 5 мысығы мен иті бар. Олардың жоғалып немесе қанғып кетіп, аналадағыларға қауіп төндірмеуі үшін чип салдыруды ұйғарыпты. Оның айтуынша мұндай тәсіл ит-мысық асырап отырған азаматтардың жауапкершілігін арттырады.

Ирина Гагарина, қала тұрғыны:
Енді ит, мысықтарымыз жоғалмайды, қанғып кетпейді деген үміттеміз. Жоғалған күннің өзінде осы чиптердің көмегімен тауып алуымыз жеңіл болады. Мамандар келіп, салып берді. Еш қиындығы жоқ.

Алматы қалалық ветеринария орталығы бұл қызметтің тегін көрсетілетіні айтып отыр. Ол үшін байланыс орталығы арқылы өтініш беру керек. Айта кеткен жөн чиптің жануар ағзасына ешқандай зияны жоқ.

Марат Жүнісов, қалалық ветеринария орталығының бөлім басшысы:
Ішінде микрожүйе орнатылған. Сол микрожүйеде 15 цифрдан тұратын нөмір болады. Осы нөмірге жануар иесінің аты-жөні, телефон нөмірі мен мекен-жайы белгіленеді.

Осылайша қаладағы қынғыбас иттер мен мысықтардың санын азайту көзделіп отыр. Себебі соңғы жылдары көше кезген иттердің тұрғындарға, әсіресе балалардың өміріне қауіп төндіру дерегі көбейген. Тіпті, таланып көз жұмғандар да бар.

Саят Қауметбаев, қалалық эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы:
Адамдарға шабуыл жасағаны бойынша биылғы жылдың бірінші тоқсанында 710 оқиға тіркелді. Барлығына екпе салуға мәжбүр болып жүрміз. Жылда 3000, 4000 адам зардап шегеді осы қанғыбас иттерден. Бұл үлкен қауіп төндіреді.

Алматыда жыл соңына дейін 15 мың ит-мысықты чиптеу көзделген. Ал, чип салғызбаған тұрғындар 10 АЕП көлемінде айыппұл арқалайды.

Нұрсұлтан Тілектес


Хабарламаларға жазылу