Жүргізуші куәлігін беру процесі автоматтандырылады
Енді көлік жүргізушілері куәлікті оңай ала алады. Жүргізуші куәлігін беру және автомобильге мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін дайындау процестері автоматтандырылады. Ол үшін Халыққа қызмет көрсету орталықтарында арнайы терминал қойылады. Терминал биометриялық жүйемен жабдықталған, суретке түсіру функциясы бар, интерфейсі де түсінікті. Сол арқылы куәлікті алуға өтініш беріп, суретке түсіп, қолтаңбаңыздың үлгісін қалдырып, QR-кодпен мемлекеттік бажды төлеуге болады. Мұндай терминалдар орталық қызметкерлерінің жүктемесін азайтып, құжатты рәсімдеу процесін жеделдетеді. Бұл тәсілді әзірге пилоттық режимде енгізу мәселесі пысықталып жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жігерлі жандар – көпке үлгі
16.09.2026, 20:28
Еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады
16.09.2026, 20:27
Талдықорған жастары Қаратал өзенінің жағалауын тазалады
16.09.2026, 20:25
Отандық электровоздарға сұраныс күшейді
16.09.2026, 20:23
Былтыр сыртқы сауда айналымы $144,7 млрд болды
16.09.2026, 20:22
Непалда жоғалған үш қазақстандық әлі табылмады
16.09.2026, 20:20
Ақтауда мектеп асханасындағы ас мәзірі жаңарды
16.09.2026, 20:19
Ауыл мектептеріне ЖИ енгізіле бастады
16.09.2026, 20:18