Мариупольдегі ахуал күрделі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мариупольдегі ахуал күрделі

15.04.2022

Украинаның Мариуполінде жағдай күрделі. Қаланы шұғыл әскери операция немесе саяси шешім қабылдау арқылы құтқаруға болады. Елдің теңіз жаяу әскерінің 36-шы бригадасының командирі Сергей Волына осылай деп мәлімдеді. Оның сөзінше, «Мариупольге тәжірибелі командирлер мен қажетті құралдарды тарту арқылы мейлінше қысқа уақытта қоршаудан босатуға болады». Қала қорғаушылары өз еркімен берілмек емес. Бүгін Ресей күштері металлургия комбинатын басып алғанын мәлімдеді. Ал осы аптада Ресей қорғаныс министрлігі Мариупольде украиналық мыңнан астам теңіз жаяу әскері сарбазының тұтқынға түскенін хабарлаған еді. Украина билігінің мәлімдеуінше, бірнеше әскери қызметкердің шынымен тұтқынға түскені рас, алайда олардың саны әлдеқайда аз.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу