Бюрократияны жойсақ, мемлекеттік органдардың тиімділігі артады - Айгүл Шайымова - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бюрократияны жойсақ, мемлекеттік органдардың тиімділігі артады - Айгүл Шайымова

15.04.2022

Бюрократиядан арылуды Президент әкімшілігі өзінен бастайды. Ондағы барлық тапсырмаға толық ревизия жүргізіліп, ішкі жұмыс қайта қаралады. Бүгін мемлекеттік аппарат қызметін дебюрократизациялау жөнінде брифинг өтті. Шенеуніктердің қызметіне қатысты сын жиі айтылады. Себебі, олар жалтақ. Лауазымды тұлғалар бюджет қаржысына байланысты құжаттарға қол қоймаудың түрлі амалын табады. Осылай жауапкершіліктен жалтарады. Енді Президент жарлығына сәйкес басқарушылық жауапкершілік қағидаты енгізіледі. Яғни, мемлекеттік органдарға сын-қатерлерге жедел ден қою үшін құқықтық актілерді қабылдау құқығы беріледі. Сондай-ақ құжатта цифрландыруға жүйелі көшу жүктеліп отыр. «Е- қызмет» ақпараттық жүйесінің базасында мемлекеттік қызметке іріктеу және қабылдау процесі толықтай цифрландырылады.

Айгүл Шайымова, ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары:
Біраз нәрсені өзгерту керек. Сонымен қатар өзгерістер ағымдағы жұмысқа теріс әсер етпеу үшін барлығын шұғыл арада жасау қажет. Бюрократияны жойсақ, мемлекеттік органдардың тиімділігі артады. 

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу