Еңбекақы төлеміне жаңа жүйе енгізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еңбекақы төлеміне жаңа жүйе енгізілді

16.04.2018

Еліміздің мемлекеттік қызметінде командамен үдере көшу 19 есеге кеміді. Этикалық құқықбұзушылықтар азайған. Мансаптық сатымен қызметінде өрлегендер саны 4 пайызға артты. Орталықтағы қызметшілердің сапалық құрамы 100, ал өңірлерде 90 пайыздан асты. Арнайы агенттік төрағасының орынбасары Айгүл Шайымова қазіргі мемлекеттік аппарат халықаралық талаптарға толық сай келетінін жеткізді. Себебі, ширек ғасырда Қазақстан дамыған елдердің жетістіктері мен ұлттық мемлекеттік жүйенің ерекшеліктерін біріктіретін модель құра білді. Дегенмен, тәжірибе жинап, білімін жетілдірген мамандар басқа салаға ауысып кететін жайттар жиі кездеседі. Оларды ұстап қалу үшін еңбекақы төлемінің жаңа жүйесі сыналып жатыр.

Айгүл Шайымова, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары:

- Пилоттық түрде 4 мемлекеттік органда өткізілуде. Ол біздің агенттік, Әділет министрлігі және Астана, Маңғыстау облысы әкімдіктері.

Нысаналы ЫҒЫЛ

Хабарламаларға жазылу