Ақтауда жылу жүйесіне жүргізілген сынақ нәтижесінде 50-ге жуық жерден ақау анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда жылу жүйесіне жүргізілген сынақ нәтижесінде 50-ге жуық жерден ақау анықталды

15.04.2022

Бұл құбырлардың әбден тозғанын көрсетеді дейді, мамандар. Жылу жүйесін осылайша қатты қысыммен температуралық тексеру 2 жылда бір рет және жылу беру маусымы аяқталар шақта жүргізіледі. Коммуналдық қызмет мамандары ақауларды әлі де анықтауда. Еске салсақ, кеше қалада бірнеше шағын ауданда жылу құбыры жарылып, тұрғындар ыстық сусыз қалды.


Хабарламаларға жазылу