Нью-Йорк полициясы метрода оқ атқан күдіктіні ұстады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нью-Йорк полициясы метрода оқ атқан күдіктіні ұстады

14.04.2022

Нью-Йорк полициясы метрода оқ атып, 23 адамды жаралаған күдіктіні ұстады. 61 жастағы афроамерикалық Фрэнк Джеймске, көлікте лаңкестік шабуыл жасады деген айып тағылды. Кінәсі дәлелденсе, ол өмір бақи бас бостандығынан айырылады. Полицияның дерегінше, күдікті бұған дейін түрлі заң бұзып, 12 мәрте ұсталған.

Еске салайық Нью-Йорктің Бруклин ауданының метро станциясында, осыдан екі күн бұрын атыс болған. Қара нәсілді ер адам, канистрадан әдейі түтін шығарып, жолаушыларға оқ атып, ізін суытқан. Полиция алдымен күдіктінің көлігін тауып, кейін Фрэнк Джеймстің өзін ұстады.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу