Нидерланд полициясы Утрехт қаласында оқ атқан ер адамды ұстады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нидерланд полициясы Утрехт қаласында оқ атқан ер адамды ұстады

19.03.2019

Түрік тумасы Гёкмен Таныш дүйсенбіде трамвайда оқ атып, үш адамды мерт қылды. 5 адам жараланған. Нидерланд бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Таныш заңға қайшы әрекеттері үшін бұған дейін бірнеше мәрте ұсталып, радикалдық топтармен байланыста болды деген күдікке алынған.

Ел билігі болған оқиғаны лаңкестік акт деп қарастырып отыр. Ал, Түркияның «Анадолы» агенттігінің хабарлауынша, Таныш трамвайда өзінің туысқанына және оны қорғамақ болған жолаушыларға оқ атқан. Түркияның ұлттық барлау агенттігі де Утрехтегі шабуылға қатысты тергеу жүргізбек.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу