Елордада Нобель лауреаттары ғылымдағы жетістіктерді сарапқа салады
Дәл қазір елордада 4-ші Нобель фест форумы өтіп жатыр. Оның жұмысына Нобель сыйлығының 4 лауреаты мен іргелі ғылым зерттеушілері, инноваторлар қатыспақ.
Ламбриан Топузидис, тілші:
Биыл өтіп жатқан Нобель фесттің жаңалығы көп. Жалпы, форум 4 күнге созылады. Ол біздің елден басқа Өзбекстан, Әзербайжан, Грузия, Қытай, Сауд Арабиясы сынды 5 мемлекетте өтіп жатыр. Оған қатысқан белді ғалымдар мен сарапшылар ғылымдағы қазіргі ахуалға тоқталып, қаржы, медицина, ауыл шаруашылығы, технология бағыттарында келелі мәселелерді қаузайды. Сондай-ақ, биылғы форумға қатысушылар метакеңістік тақырыбына ерекше көңіл аударады. Метакеңістік - ол виртуалды әлем. Оны ғалымдар форумның соңғы екі күнінде сарапқа салып, талқылайды. Бүгін форумның алғашқы күні. Оның жұмысына қатысқан бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Жозе Мануэль Баррозу вакцинация мен иммунизация мәселелеріне кеңінен тоқталды. Бұдан бөлек қаржы секторындағы тың жобала туралы айтылды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Астана Опера» театрында Вердидің «Травиатасы» сахналанды
06.04.2026, 17:27
Биыл Алматыға 550 мың түрлі ағаш егеді
06.04.2026, 17:25
«Ауыл аманаты»: БҚО-ға ₸ 14,8 миллиард бөлінген
06.04.2026, 17:22
Алғаш рет изолейцин және лейцин өнімі шығарыла бастады
06.04.2026, 17:20
Алматыда қалдықты құрылыс материалына айналдыратын зауыт ашылды
06.04.2026, 17:17
Жамбылдық жас мамандар жұмысқа конкурссыз қабылдана бастады
06.04.2026, 17:15
Су инфрақұрылымы цифрлық жүйеге көшеді
06.04.2026, 17:12
Қостанай облысы тасқынға толық дайын
06.04.2026, 17:10