Үкіметте экономиканы демонополизациялау туралы комиссияның отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкіметте экономиканы демонополизациялау туралы комиссияның отырысы өтті

01.07.2022

Үкімет басшысы экономиканы демонополизациялау туралы комиссияның отырысын өткізді. Мұнай нарығындағы қатысушылар санын арттыру, биржалық сауда-саттықты енгізу және мұнай өнімдерін сату көлемін ұлғайту жайы қаралды. Әлихан Смайылов газ нарығын реттеу бойынша Энергетика министрлігіне бірқатар тапсырма берді. Сондай-ақ азаматтық авиация, қоғамдық көлік және қаржылық қызметтер нарығын демонополизациялау жөніндегі шаралар қаралды. Үкімет басшысы авиа отынмен биржалық сауда-саттық үлесін 10-нан 20%-ға арттыру, әуежайларда ашық аспан режимін қолдану мерзімін 3-тен 5 жылға дейін ұлғайту жөніндегі ұсыныстарды қолдады.

Хабарламаларға жазылу