Қарағанды облысында ауыл әкімдерінің сайлауы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында ауыл әкімдерінің сайлауы өтті

10.04.2022

Тағайындау бөлек, ал сайлау бір басқа. Бүгін Қарағанды облысында аудандық маңыздағы 1 қала және бірнеше ауылдық округ әкімдерін сайлау өтті. Барлығы 11 ауылда, сондай-ақ Жезқазған қаласының Кеңгір кентінде және Абай қаласында халық дауыс беру арқылы әкімдерді таңдады.  

Сайлау аясында 13 әкімнің лауазымына 40 кандидат тіркелген. Бәсекелестік үлкен. Мысалы көмір шахтасының жұмысшылары тұратын Абай қаласында, әкімдікке кандидат ретінде 4 адам тіркеліпті. Мұнда 19 мыңнан астам тұрғын бар. Жұртшылық шағын шаһардың 19 аумағында орналасқан сайлау учаскелеріне барып дауыс берді. Абайлықтардың саяси белсенділігі жоғары. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлердің, соның ішінде қала, аудандардың, ауыл-аймақтың дамуына тікелей әкімдер жауапты екенін айтқан. Кейінгі заңнамалық өзгерістердің арқасында, әкімдердің жергілікті басқару өкілеттігі нығая түсті. Бұл саяси реформалар бағдарламасының бір бөлігі. 

Алпыс Нұрбеков, ардагер кенші:

Дауыс бердім. Өзіме ұнаған кандидатқа дауыс беріп, сөйтіп шығып тұрмын. Адамның өзінің міндеті, құқығы ғой бұл. Қаламыз өте жақсы қазір. Халықта соны түсініп, өз құқығын пайдаланып, келіп дауыс береді деген ойдамын.


Хабарламаларға жазылу