Осы аптада елдегі үш облыстың әкімі ауысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Осы аптада елдегі үш облыстың әкімі ауысты

10.04.2022

Осы аптада елдегі үш облыстың әкімі ауысты. Мемлекет басшысының өкімімен Махамбет Досмұхамбетов Атырау облысының әкімі лауазымынан босатылып, орнына Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметін атқарған Серік Шәпкенов келді. Сондай-ақ, Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіхалықова да қызметін тапсырды. Жұрт оның қаңтар оқиғасында халық алдына шығып, елмен тілдескенін бөле-жарып айтып жүр. Әбдіхалықованың орнына Қызылорда қаласының әкімі болған, Бердібек Сапарбаевтың туған інісі Нұрлыбек Нәлібаев тағайындалды. Екі жылдан аса уақыт Жамбыл облысының әкімі болған Бердібек Сапарбаев та лауазымынан босатылып, орнына осы күнге дейін орынбасар болып келген Нұржан Нұржігітов тағайындалды. Бердібек Машбекұлын Әулие-Ата жұрты қошеметпен шығарып салды. Сапарбаевтың өзі де жамбылдықтармен, көзіне жас алып қоштасты. 

Бердібек Сапарбаев, Жамбыл облысының бұрынғы әкімі:

Мені қолдадыңыздар. Мен кеше де, бүгін де, талай кездесуде айттым. Мен ең бірінші осы әултеатаның қарапайым халқына ризамын.


Хабарламаларға жазылу