Буча қырғыны: Украинадағы ахуал
Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон Киевке барды. Владимир Зеленскиймен келіссөздер жүргізген ол, Украинаға 100 миллион фунт тұратын әскери техника жіберетінін айтты. Ресей әскері Киев облысынан кеткеннен кейін Буча қаласындағы көрініс әлем жұртшылығына тарады. Жергілікті биліктің хабарлауынша онда 300 адамның денесі табылған. Украина үкіметі бұны «әскери қылмыс», «геноцид» деп атап, Халықаралық қылмыстық сотты Ресейді жазалауға шақырды. Ал Ресей тарапы бұны жоққа шығарып отыр. «Біз көрген видеоматериалға көп жағдайда сенуге болмайды. Өйткені, Қорғаныс министрлігінің мамандары жүргізген зерттеуге жүгінсек, онда жалғандықтың белгісі бар деді, Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков. Ал Буча қаласына барған Еурокомиссия басшысы Урсула фон Дер Ляйен ЕуроОдақтан бұған дейін бөлінген 1 млрд еуродан бөлек, қорғаныс мақсатына қосымша 500 млн еуро бөлетінін айтты.
Урсула Фон Дер Ляйен, Еурокомиссия басшысы:
Бучадағы жағдайды өз көзіммен көрдім. Адамзатқа жасалған қиянат бұл. Ресейді Адам құқықтары жөніндегі кеңестен шығару – дұрыс шешім. Ресейді экономикалық, қаржылық және технологиялық күйзеліс күтіп тұр. Ал Украина Еуропалық болашаққа беттеп барады.
Соңғы деректерге қарағанда Краматорскідегі теміржол вокзалына зымыранмен жасалған соққыдан 52 адам қаза тапқан. Жүзден астам тұрғын ауруханада жатыр. Станциядағы шабуыл кезінде 4 мыңдай адам эвакуациялау пойызын күтіп тұрған. Олардың көбі – әйелдер, балалар және қариялар. Пентагонның дерегінше, Ресей тарапы «Точка-У» ракетасымен соққы жасаған. Ал Ресей бұны да жоққа шығарып, шабуылға Украина ұлтшылардарын айыптады.
Игорь Конашенков, Ресей қорғаныс министрлігінің өкілі:
Теміржол вокзалы маңында табылған ракеталарды тек Украина армиясы пайдаланады. Сынықтарды талдау барысында зымыран Краматорскінің оңтүстік-батысынан ұшырылғаны дәлелденді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан мен АҚШ арасындағы серіктестік қарқынды дамып келеді
10.04.2026, 21:19
Былтыр еліміз IT-қызметтер экспортынан 1 млрд доллардан астам табыс тапқан
10.04.2026, 20:44
Аса ірі мөлшерде ұрлық жасады деген күдікті Грузиядан экстрадицияланды
10.04.2026, 20:43
Ақкөлде қалалық стадион аумағы қоқыстан тазартылды
10.04.2026, 20:42
TazaQazBot Telegram чат-ботына 4 мыңнан астам өтінім түсті
10.04.2026, 20:41
Семейде «SuperStar KZ» жобасына үміткерлерді іріктеу өтті
10.04.2026, 20:39
Ұлттың үнбайрағы «Shalqar» радиосына – 60 жыл
10.04.2026, 20:37
ШҚО-да ардагерлер ұйымы есеп беру конференциясын өткізді
10.04.2026, 20:35