Бюджет қаражатын уақытылы игермегендер жауапқа тартылмауы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бюджет қаражатын уақытылы игермегендер жауапқа тартылмауы мүмкін

08.04.2022

Енді бюджет қаражатын уақытылы игермегендер жауапқа тартылмауы мүмкін. Алайда бұл мемлекет бюджетін оңды-солды шашуға жол беріледі деген сөз емес. Керісінше талап күшейеді. Бұдан былай қаржыны алып, нәтиже көрсетпегендерге жаза қатаңтайды. Бұл туралы бүгін сенатта бюджет мәселесін талқылау кезінде ұлттық экономика вице министрі Азамат Әмрин мәлімдеді. Осылайша сапалы нәтижеге қол жеткізу жоспарланып отыр. Яғни, ұлттық жобалар бойынша пайдаланылмаған қаржыны келесі жылы толық игеру құқығы беріледі.

Гүлсана Дәрібаева, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің департамент директоры:

Мысалға жыл бітіп қалды. Ақша қалдықтары қалды. Енді жұмысты сәл сәл бітіргенге бір акт қабылданбай қалды. Сондықтан да жұмысты тоқтатпау үшін келесі жылға біз әрі қарай созуға мүмкіндік береміз. Бірақ ережелерді күшейтеміз. Бұл жерде еркіндікті беріп, бюджеттік дисциплинаны бұзайын деп жатқан жоқпыз. Ақша қаражатын дұрыс игеріп, түпкілікті нәтижеге қол жеткізу үшін мүмкіндік беріп жатырмыз.

Сонымен қатар бюджетті түзету мүмкіндігін қарастыру да ұсынылды. Ұлттық экономика министрлігі шығыстар көлемін 20 пайызға дейін өзгертуге рұқсат беруді сұрап отыр. Жақын арада бюджет заңнамасына тиісті түзетулер ұсынылады.

Әсима Нұрбайқызы

Хабарламаларға жазылу