Мәжілісте бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері қаралды
Енді сырттан қарыз алып, оны мерзімінде игермегендер жауапқа тартылады. Оның үстіне ақшаны уақытылы әрі тиімді жұмсай алмаған мемлекеттік органның бірінші жетекшісі жазаланады. Бюджет заңнамасын жетілдіру туралы құжат қаралған мәжілістің жалпы отырысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев осылай деді. Құжат бойынша жыл соңында мемлекеттік органдардың бюджет шығыстарын қайта жоспарлауына да тыйым салынады. Яғни, игерілмеген қаржыны жұмсау жоспарымызда да болған жоқ деп ешкім сылтау айта алмайды. Жергілікті бюджетті жоспарлау тәртібіне де өзгерістер енгізілді. Енді өңірлердегі қазынаның кірісі мен шығысын жергілікті органдар ғана жоспарлайды. Құжат бірінші оқылымда мақұлданды.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлем таныған ақын
18.05.2026, 20:58
«Музей түні – 2026»: Тарих пен мәдениет тоғысқан кеш
18.05.2026, 20:57
Қазақстан музейлері халықаралық ынтымақтастықты күшейтпек
18.05.2026, 20:54
LRT: Мамандар қауіпсіздік ережесін сақтауды ескертті
18.05.2026, 20:14
Отбасын қолдау орталықтарының жұмысы жаңа форматқа көшеді
18.05.2026, 20:12
Күдікті Сұлтан Сәрсемәлиевке 13 бап бойынша айып тағылды
18.05.2026, 20:10
ДДСҰ эболаның өршуіне байланысты төтенше жағдай жариялады
18.05.2026, 20:09
Емханаға тіркелу ережесі өзгереді
18.05.2026, 20:07