Алматы облысында контрабандалық тауарлар тәркіленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында контрабандалық тауарлар тәркіленді

08.04.2022

Алматы облысында қаржылық мониторинг агенттігі мен прокуратура қызметкерлері бірлесіп ірі көлемдегі контрабандалық тауарларды тәркіледі. Қытайдан заңсыз кірген азық-түлік өнімдерінің жалпы құны 585 млн теңгені құрайды. Қазір тауарды рәсімдеген серіктестік басшысына қатысты іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды. Олардың 125 млн теңге кедендік төлем мен салықтан жалтарғаны да анықталды.

Әлібек Әбділов, ҚР ҚМА баспасөз қызметі:
Ағымдағы жылдың 31 наурызында Алматы қаласының мамандандарылған ауданаралық тергеу соты ЖШС директорына қатысты 2 ай мерзімге қамау негізіндегі бұлтарпау шарасына санкция берді. Қазір тергеу амалдарды жүруде.

Сәбит Әлдебай

Хабарламаларға жазылу