Павлодар-Нұр-Сұлтан: Күре жолда үш адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар-Нұр-Сұлтан: Күре жолда үш адам қаза тапты

07.04.2022

Арасында кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірім де бар. Ал, түрлі дене жарақатын алған тағы екі кісі Екібастұз қалалық ауруханасына жеткізілді. Олардың бірі жүріп келе жатып аударылған «Шевроле Кобальт» көлігінің жүргізушісі. Күн ашық, жол таза. Соған қарамастан транспорттың оқыстан жиекке шығып, еңіске қарай қалай ауып кеткені әзірге белгісіз. Қазір полиция қылмыстық іс қозғап, оқиғаның мән-жайын тексеріп жатыр.

Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу