Техаста тасқыннан 2 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Техаста тасқыннан 2 адам қаза тапты

20.09.2019

АҚШ-та «Имельда» тропикалық штормы алапат тасқынға ұласты. Толассыз жауыннан Техас штатының бір бөлігін топан жайлап, екі адам қаза тапты. Қазір құтқарушылар өзенге айналған көшелер мен суға кеткен үйлерде қалып қойған адамдарға қайықпен жетуге күш салып жатыр. 

Жергілікті полицияның айтуынша, құтқару операциялары түні бойы жалғасады. 

Бұл аймаққа үш тәулікте 102 сантиметр жауын түскен. Сондықтан «Имельда» АҚШ тарихындағы ең ылғалды тропикалық циклондардың біріне айналып отыр. 

Мыңдаған жүргізуші көлігін жолда тастап кетуге мәжбүр болды. Ал Хьюстонда 900-ден астам әуе рейсі доғарылды немесе кейінге қалдырылған.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу