Қазақстан нарығына Ресей мен Өзбекстаннан арзан ұн кіріп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан нарығына Ресей мен Өзбекстаннан арзан ұн кіріп жатыр

06.04.2022

Қазақстан нарығына Ресей мен Өзбекстаннан арзан ұн кіріп жатыр. Ал, отандық диірмендер жұмысты тоқтатуға мәжбүр. Себебі, бидай жоқ, - дейді. Сонда біздің тонналаған астығымыз қайда? Аймақтағы меншікті тілшіміз Болат Аманбаев ұн өндірушілермен тілдесіп келген еді.

Ресей астық өнімдерін экспорттауды тоқтатысымен Павлодар мен Солтүстік Қазақстандағы диірмен иелері бидай-жоқ деп дабыл қақты. Ал, ауыл шаруашылығы министрлігі қамбада 7 млн тоннадан астам астық бар екенін жариялады. Бірер күннен соң бидай шекті квота бойынша ғана экспортталатыны мәлім болды.

Ербол Тасыбаев, диірмен иесі:

500 мың тоннадан артық шығармаймыз десе ол біздің жағдайды түзетпейді қазіргі. Неге десеңіз ол кетіп отыр. 500 мың үлкен обьем. Жарайды, күзде болса ,ол жаңа бидай бар кез.

Соңғы екі аптада бидай құны 20 мың теңгеге көтерілді. Қазір тоннасы 140 мың теңгеден сатылып жатыр. Негізгі алушылар Өзбекстан мен Ауғанстандық трейдерлер. Бізге бұл баға өте қымбат, ұн бағасын күрт көтеруге мәжбүрміз, дейді отандық ұн өндірушілер.

Евгений Ган, Қазақстан астық өңдеушілер одағының президенті:

Қостанайдағы тәжірибе мынандай, үш бірдей диірменді бұзып Ресейге апарып қайта салмақ. Ол жақта ұн тартатын кәсіпорындарға өте қолайлы жағдай бар. Оңтүстікте, нақты айтқанда Түркістан облысында диірменін Өзбекстанға көшіруді жоспарлап жатқандар бар.

Күзгі ораққа дейін аймақта нан және ұн бағасын тұрақты ұстап тұру үшін 80 мың тонна бидай керек. Қазір элеваторларда 74 мың тона, ал, жеке шаруалардың қамбаларында 25 мың тонна астық жатыр. Одан бөлек мемлекеттік азық-түлік корпорациясының қоры бар. Диірмен иелері Ресейден келетін арзан астықтан көп пайда тауып үйреніп қалғандықтан осындай әрекетке барып отыр, дейді жергілікті билік өкілдері.

Нұрболат Мақашев, Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:

Ең негізгі сұрақ бағада.. Мысалы, олар жаңа айтып отыр ғой Ресейден 106 мың теңгеден сатып алса, қазір біздің нарықта баға 130. Осы арада олардың ойы баға саясатына байланысты.

Бір қызығы Өзбекстандық кәсіпкерлер еліміздің астығын ұн қылып, оны осында қайта әкеп сатады. Бағасы отандық өнімнен арзан. Рсейден де шекаралас аймақтарға арзан ұн келе бастаған. Мәселен, елімізде ұнның келісі 180 теңге болса, Ресей ұны 134 теңге. Бәсекелестікке төтеп бере алмайтынымыз анық. Үкімет бидай экспортына баж салығын егізген жағдайда ғана жағдай түзеледі, дейді ұн өндірушілер.

Болат Аманбаев


Хабарламаларға жазылу