Басты Жаңалықтар Ауыл шаруашылығында комбайндар мен тракторлар паркінің 80 пайызы ескірген

Ауыл шаруашылығында комбайндар мен тракторлар паркінің 80 пайызы ескірген

Жалпы, ауыл шаруашылығы саласында түйткіл көп. Аграрлы ел саналғанымызбен, комбайндар мен тракторлар паркінің 80 пайызы ескірген. Оның үстіне техниканың басым бөлігі сырттан әкелінеді. Отандық өндіріске қолдау аз. Сондықтан импорттық техниканың тасымалын тоқтатқан жөн. Сенатта арнайы отырыс өтіп, тараптар тақырыпты талқыға салды. Нысаналы Ығыл тарқатады.

Отандық аграрлық техника жасауға қолдау қажет

Техника ескірсе есті шығарады. Елде трактор мен комбайн паркінің 80%-ның қолдану мерзімі 15 жылдан асқан. Бұл егіс жұмыстарын тұралатып, өнімділікті азайтады. Алайда, жаңалауға жағдай жоқ.

Мұхтар Жұмағазиев, ҚР Парламенті сенатының депутаты:

Тракторлар мен комбайндарды қаржыландыру мақсатында республикалық бюджеттен 13,5 млрд теңге қаралса да бюджеттік комиссия 2021 жылға арналған 3,5 млрд теңгені қолдаған жоқ. Сонымен қатар алдағы жылдарға қаралған 10 млрд теңге де қолдау таппады.

Ал, индустрия министрлігі керісінше ілгерілеу бар дейді. Кесте: Жылдық өсім 41%-ға жеткен. Былтыр отандық зауыттар 8 мың 800-ден аса техника жасап шығарған. 5 мың 200-дей трактор, 1 мың 300-ге жуық комбайн, 2 жарым мыңдайы басқа аграрлық машиналар. Әттеген – айы қосалқы бөлшектердің дені сырттан келеді. Соған қарай кей арнаулы көліктер 30%-ға дейін қымбаттаған.

Марат Қарабаев, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің орынбасары:

Атқарылған жұмыстың қаншасы Қазақстанда істелген. Соның ішінде сварка, гибка бәрін есептегенде шамамен 33 пайыз. Ал енді қосқалқы бөлшектің ішінде противо вес передный, навестной, прицепной оборудование бәрі өзімізде шығарылады.

Өмірсерік Ержанов, «Қазақстан машина жасаушыларының одағы» ЗТБ атқарушы дирекциясының директоры:

Бізге новестное оборудование сол керек. Оны да сатып алатын оның бағасы трактормен бірдей. Оны сатып алуға мүмкіншілік жоқ. Сол жағын ойластыру керек.

Бар гәп – осында. Біз аграрлық техникаларды жасаймыз ба әлде құрастырамыз ба? Қосалқы бөлшектерді елде өндіру керек. Тағы бір өзекті мәселе – импорттық техниканы субсидиялау. Осы жағынан есе кетіп отыр. Мысалы, таңбасы «қазақстандық» комбайндарға 12 жарым млн теңгеге дейін, ал шетелдік комбайндарға 38 млн теңгедей субсидия беріледі.

Әліби Сұлтан, «Қазақстандық автобизнес қауымдастығы» агротехниканы дамыту жөніндегі директоры:

Импорттық техникаға субсидиялауды азайту немесе мүлдем алып тастау керек. Себебі, ешбір мемлекет импорттық өндірушіні қолдамайды.

Тек субсидия емес, «ҚазАгроҚаржы» компаниясына да сын айтылды. Пайыздық мөлшерлемесі банктермен бірдей.

Әли Бектаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Жыл сайын проценттік ставканы көтере беруге де болмайды. Оның жаңағы сіздердің 21 пайызды зерттеу керек. Неден құралады ол? Сонда біздің мемлекеттік қаржы институттарының мына екінші деңгейлі банктен не айырмашылығы болды?

Қосалқы бөлшектер мен сервистік қызметтердің жеткізілуінде кідіріс көп. Салдарынан тауар өндірушілер техникаларын егіс науқанына уақытылы шығара алмайды.

Айдарбек Сапаров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары:

Уақытында келген жоқ. Адамдар жоспарлайды. Жоспарға кіргізеді. Осылай алам, посевке салам деп. Также и по комбайнам. Тоже с начало года подавали, получали только ноябре-декабре. Осы моментерді сіз көрші министирліктермен бірге қарау керек. Егер шығара алмайтын болса онда шаруаларға айту керек.

Жалпы ауыл шаруашылығы техникаларын жеңілдікпен несиелеу тетігін қарастыру керек. Утил алым қорынан көлік алуға бөлінетін қаржыға ұқсас сияқты. Бірақ, утил алым мөлшерлемесі жеті рет өлшеп, бір рет кесілмеген шешім. 50%-ға төмендетуі ауыл шаруашылығы техника өндірушілерін қанағанттандырмай отыр.

Нысаналы Ығыл


Бөлісу