Балық қырылып жатыр: Шардара су қоймасын мамандар тексереді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балық қырылып жатыр: Шардара су қоймасын мамандар тексереді

06.04.2022

Түркістан облысындағы Шардара су қоймасында балық қырылып жатыр. Әлеуметтік желіде майшабақтардың жағалауда өліп жатқан бейнежазбасы тарады. Онда кейбір тірі балықтардың басы мен денелерінде жаралар бар екенін байқауға болады. Бұл мәселеге орай Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы мен Түркістан балық инспекцияларының мамандары мәлімет таратты. Олардың сөзінше, мөңке және сазан балықтары мен шабақтардың қабыршақты жамылғыларында өзгерістер пайда болған. Кешегі күннің өзінде балық инспекторлары мен қорықшылар шабақтарды жинап алып, оларды утилизациялау жұмыстарын жүргізген. Ал Шардараның ветеринарлық қызметі зертханалық зерттеулер жүргізу үшін шабақтардың сынамаларын алды.

Марат Қарақұл Түркістан облысы бойынша балық инспекциясы бөлімінің бас маманы:
Шардара қаласында қыс мезгілі болмағаннан кейін балықтың иммунитеті төмендеп, көктем мезгілінде балықтар өліп, өлу жағдайы анықталады. Одан кейін 10-15 күн ішінде судың астында көк шөп шыққаннан кейін, балықтар қалыпқа келеді.

Айнұр Ақбаева

Хабарламаларға жазылу