Жайық өзенінің сағасында 4 тоннаға жуық балық қырылып қалған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жайық өзенінің сағасында 4 тоннаға жуық балық қырылып қалған

28.04.2020

Атыраудағы Жайық өзінінің сағасында тағы да балық қырылып қалды. Оқиға «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты аумағындағы Приморск каналында болды. Балықтардың өлексесі бір апта бұрын су бетіне шыға бастағанды. Бүгінге дейін, табан мен қаракөздің 4 тоннадай өлексесі жиналды. Мамандар су мен топырақтан сынама алып зертханаға жіберді. Қорытындысы аптаның саңына қарай белгілі болмақ. Әзірге инспекторлар балықтың жаппай қырылуын ауа жетпегеннен деп топшылап отыр.

Жандос ТЕМІРҒАЛИ


Хабарламаларға жазылу