Қызылорда облысының 116 елдімекенінде Конго-Қырым қанды безгегінің таралу қаупі бар
Қызылорда облысының 116 елдімекенінде Конго-Қырым қанды безгегінің таралу қаупі бар. Дәл қазір тілшіміз Әділбек Серікұлы өңірдегі эпидемиологиялық ахуалды баяндауға әзір.
Әділбек Серікұлы, тілші:
Мамандар облыстағы 239 ауылдық жерге зоологиялық барлау жұмыстарын жүргізіп, 5 мыңнан аса кенеден сынама алған. Соның нәтижесінде, Конго-Қырым қанды безгегінің таралуы басым 116 қолайсыз елдімекен айқындалған. Зиянкестерге қарсы залалсыздандыру жұмыстары жоспарға сәйкес сәуір айының екінші он күндігінде басталады дейді эпидемиологтар. Жалпы қазір облыста эпидахуал тұрақты. Жыл басынан бері 11 адам кене шағып, дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Статистикаға сүйенсек, былтыр Конго-Қырым қанды безгегіне 12 тұрғын шалдыққан. Өлім-жітім тіркелмеген. Кенеден келген кеселден өлімге әкелген қайғылы жағдай соңғы рет 2020 жылы болған.
Әділбек Серікұлы
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құлсарыда жаңа теміржол вокзалы ашылды
21.10.2026, 17:25
Ақмола облысының жастары саятшылыққа әуес
21.10.2026, 17:20
60 велошабандоз көк байрақпен Алматыны шарлады
21.10.2026, 17:19
«Атамекен» әнін 460 оқушы бірге шырқады
21.10.2026, 17:18
Республика күніне орай сауда орталықтары акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 17:17
Жамбылдық зейнеткер құс өсіріп, табыс тауып отыр
21.10.2026, 17:15
Елордалық цирк маңайы абаттандырылды
21.10.2026, 17:13
Петропавлда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 100 көшет егілді
21.10.2026, 17:12