Байзақ ауданындағы оқ-дәрі қалдықтары жойылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Байзақ ауданындағы оқ-дәрі қалдықтары жойылады

01.04.2022

Жамбыл обылысы Байзақ ауданындағы инженерлік оқ-дәрілер қоймасында жарамсыз қалдықтарды жоюда қауіпсіздік күшейтілді. Яғни қойма өз аумағында оқ-дәрілерді жоюға арналған құрылғылармен жабдықталған. Бөлшектер арнайы дайындалған жер асты пешінде өртеледі. Қауіпсіздік нормалары мен талаптар қатаң сақталған. Қойма елдімекендерден жырақта орналасқан. Жергілікті тұрғындар мен маңайдағы шаруа қожалықтарына төнетін қауіп жоқ. Оқ-дәрі қалдықтарын жою жұмыстар жүргізілетіні туралы жұртшылыққа алдына ала хабарланады.


Хабарламаларға жазылу