Теңге қайта әлсірей бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Теңге қайта әлсірей бастады

31.03.2022

Теңге қайта әлсірей бастады. Бүгін Ұлттық валютамыз долларға шаққанда бірден 7 теңгеге арзандады. Қазір АҚШ ақшасы 466 теңге, еуро - 518, ал рубль 5 теңге 50 тиын тұрады. Сарапшылардың айтуынша қазір ешқандай да ревальвация жүріп жатқан жоқ. Қаржы нарығы әлі де тұрақсыз. Бірнеше күн теңге рубльдің артынан нығайған. Өйткені Ресейдің орталық банкі интервенция жасап, рубльді нығайтып отыр. Бұл теңгеге де оң әсер еткен. Мұнай бағасы да құбылып тұр. Ресейге салынған санкциядан кейін қара алтын құны 130 долларға дейін көтеріліп еді. Алайда Америка нарыққа 180 миллион баррель мұнай шығаруға дайын деген Джо Байденнің мәлімдемесі бағаны қайта түсіре бастады. Қазір бренттің баррелі 105 доллар.


Хабарламаларға жазылу