Арал ауданында көл тасып, жағалауды шайып кетті
Қызылорда облысы Арал ауданындағы Қамыстыбас көлінде сең жүріп, жағалауды шайып кетті. Дәл қазір өңірдегі тілшіміз Әділбек Серікұлы көл басынан тікелей эфирге қосылуға дайын.
Әділбек Серікұлы, тілші:Қамбаш көлінің былтыр ғана суы тартылып, жағалаудан 500 метр қашықтап кеткен болатын. Енді міне, бір қыста қайта толып, ернеуіне сыймай тасып жатыр. Жалпы табиғи құбылыстан зардап шеккен адам жоқ. Дегенмен, дауылдың екпінімен келген мұздақтар жағлаудағы демалыс нысандарын қиратып тастаған. Бүгінде 23 кәсіпкердің ғимараты зақымданған. Көшкен мұздың қалыңдығы кей жерлерінде 50 сантиметрді құрайды.
Қазір оқыс жағдайдан келген шығынның есебі нақтылануда. Кәсіпкерлік нысандардан бөлек, жарық бағаналары мен инжерлік жүйелерге де айтарлықтай зақым келген. Ал жағалауды мұздан кәсіпкерлер әзірге өз күшімен тазартып жатыр.
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құлсарыда жаңа теміржол вокзалы ашылды
21.10.2026, 17:25
Ақмола облысының жастары саятшылыққа әуес
21.10.2026, 17:20
60 велошабандоз көк байрақпен Алматыны шарлады
21.10.2026, 17:19
«Атамекен» әнін 460 оқушы бірге шырқады
21.10.2026, 17:18
Республика күніне орай сауда орталықтары акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 17:17
Жамбылдық зейнеткер құс өсіріп, табыс тауып отыр
21.10.2026, 17:15
Елордалық цирк маңайы абаттандырылды
21.10.2026, 17:13
Петропавлда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 100 көшет егілді
21.10.2026, 17:12