Шығыста соңғы үш тәуліктен бері толассыз қар аралас жаңбыр жауып тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыста соңғы үш тәуліктен бері толассыз қар аралас жаңбыр жауып тұр

28.03.2022

Шығыста соңғы үш тәуліктен бері толассыз қар аралас жаңбыр жауып тұр. Аймақтағы оңтүстік аудандарда күртік қардың көбесі де күрт сөгілді. Дегенмен тасқын қаупі жоқ. Есесіне облыс орталығы Өскемен қаласын қарғын су басып жатыр. Кейбір орталық көшелердің өзі аяқ алып жүргісіз. Ал қаланың шетіндегі шағын аудандарда жағдай мүлде қиын. Кейбір үйлердің ауласы мен қора-қопсысын су басқан. Тұрғындардың айтуынша былтыр Ахмер ауылындағы орталық автокөлік жолын кеңейткен. Сол кезде су ағарларды бітеп тастаған. 

Қаладағы комммуналдық мекемелер қазір тәулік бойғы жұмыс кестесіне көшкен. Үйлерге кірген суды бірнеше техникамен тоқтаусыз сорғызып жатыр. 


Хабарламаларға жазылу