Ақтөбеде үшінші күн нөсер жауып тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде үшінші күн нөсер жауып тұр

09.07.2021

Ақтөбеде үш тәуліктен бері толассыз жауған нөсер жаңбыр елді әбден әбігерге салды. Қаланың коммуналдық мекемелері күн-түн демей жұмыс істеп жатыр. Кеше жауынмен қоса қатты жел соғып, кей аудандар жарықсыз қалған еді. Қазір жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Суға толған көшелерден 10 мың текше метрдей су сорылған. Арықтарды тазартуға 60 техника мен 30 маман жұмылдырылды. Соңғы тәуліктерде облыс орталығына жауынның үш айлық мөлшері жауған.

Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу