Ресей тұқым тасымалдауға қатысты шектеуді алып тастауы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресей тұқым тасымалдауға қатысты шектеуді алып тастауы мүмкін

26.03.2022

Ресей Қазақстанға астық тұқымын жеткізуге қатысты шектеуді алып тастауы мүмкін.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша, қазір екі ел Үкіметі бұл мәселені талқылап жатыр. Мәселе оң шешілсе, көктемгі егінге қажетті тұқым елге жеткізілмек. Әзірге кәсіпкерлердің көбі көрші елден өнімдерін жеткізе алмай отыр.

Негізі биыл 22 мың тонна бидай, арпа және жүгері тұқымы келуі керек. Тіпті, олардың ақшасы төленген, кейбірі шекарадан өте алмай тұр. Өйткені соңғы оқиғаларға байланысты Ресей дәнді-дақылдардың тасымалына шектеу қойған. Сол үшін шаруалар көктемгі егін егу жұмыстары кеш бастала ма деп алаңдап отыр. Десе де, жауапты министрлік өкілдері бұған негіз жоқ, мәселе жақында шешіледі дейді.

Азат Сұлтанов, ҚР АШМ Егіншілік департаментінің директоры: 
– Ресей мәселені шешудің бірнеше жолын ұсынып отыр. Яғни, экспортқа тыйым салынған өнімдердің тізімінен тұқымды алып тастау немесе шектеуге қарамастан Қазақстанға ғана тұқымды беру. Біз екі шешімнің қайсысы болса да құптаймыз. Мәселе жақында шешіледі.

Хабарламаларға жазылу