Ресей Федерациясы СҚО-дан жеткізілетін құс етіне шектеуді алып тастады

07.06.2019

Енді теріскейлік экспортерлер көрші мемлекетке бұрынғыдай өз өнімдерін шығара бастайды. Былтыр қыркүйекте СҚО-ның Айыртау ауданында құс ауруының пайда болуына байланысты көршілеріміздің Россельхознадзор ұйымы теріскейден импортталатын құс еті мен жұмыртқаға уақытша шектеу енгізді.

Атап айтар болсақ, Елецк округінде үй құстарынан Ньюкасл ауруының белгілері анықталған еді. 500-ден астам қаз-үйрек өлтіріліп, 3000-ға тарта екпе салынды. Тағы бір ерекшелігі, Ресейге Айыртау ауданынан ет экспортталған емес, осы шектеудің салдарынан басқа кәсіпорындар тұрақты клиенттерінен айырылып, басқа елдерге өнім жөнелтуге мәжбүр болды.

Марат Ыбыраев, Аумақтық ветеринариялық бақылау және қадағалау инспекциясы басшысының орынбасары:

- Халықаралық эпизотиялық бюросының 87-інші ассамблеясында өзіміздің делегеция қатысып, келісім алып, осы шектеуді алып тастап отырмыз. Біздің шаруашылықпен айналысатын бизнес өкілдері ресейлік серіктестерімен сауда қатынастарын қалпына келтіре алады. Санитарлық-ветеринарлық жағынан өздерінің қатерсіз құс шаруашылығы өнімдерін экспорттай алады.

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу