Бәйдібек ауылында егістікке су жіберетін канал сапасыз жөнделген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бәйдібек ауылында егістікке су жіберетін канал сапасыз жөнделген

24.03.2022

Жамбыл облысының Шу ауданындағы Бәйдібек ауылында егістікке су жіберетін канал сапасыз жөнделген. Мердігер су келетін 12 арнаны жөндеп, 2 коллектр жүйесін жағырту керек болған. Алайда компания бұл жұмыстарды толық аяқтамай, тастап кеткен. Салдарынан шаруалар егінге қажетті суға қол жеткізе алмай қиналуда. Өңірге барған халық қалаулылары халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, мәселені шешуге қолғабыс етпек.

Мейрамбек Төлепберген, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: 
4 миллиардқа жуық жоба іске асу керек еді. Ол жоба бойынша бізде 60 шақырымды қамтитын 14 канал іске қосылу керек болған. Бірақ ол осы күнге дейін іске қосылған жоқ. Өткен жылдың есебін алатын болсақ бар болғаны 13 пайызы атқарылған. Бұл каналдың жұмысы қашан аяқталады және оның қаржысы неге игерімей тұр. Сол себепті депутат ретінде сұрау салып, тағыда келіп отырмыз. 


Хабарламаларға жазылу