«Amanat» партиясының мүшелері Алматыда Президент ұсынған саяси реформаларды қолдайтын бейбіт шеру ұйымдастырды
«Жаңа сын-қатерлер жағдайында бәріміз бірігіп, ата-баба аманатын кейінгі ұрпаққа тұтас жеткізу - басты парыз».«Amanat» партиясының мүшелері Алматыда Президент ұсынған саяси реформаларды қолдайтын бейбіт шеру ұйымдастырды. Жиналған жұрт әуелі музыкалық аспапсыз, акапелла түрінде әнұранды орындады. Одан соң митингілерде айтылатын жалындаған сөздер төгілді
Асхат Оралов, «Аmanat» партиясының атқарушы хатшысы:
Біз көзі ашық, көкірегі ояу азаматтарды бірлесе жұмыс істеуге шақырамыз. Басқа партиялар билікке жетуді көздесе, біз ең әуелі тәуелсіз Қазақстанның мүддесі үшін аянбай еңбек етіміз. «Біріңді қазақ, бірің дос көрмесең істің бәрі бос». Сондықтан күшіміз бірлікте екенін көрсетіп жаңа Қазақстанды бірге құрайық.
Мейіржан Отыншиев, «Аmanat» партиясы Алматы қаласы бойынша филиалының атқарушы хатшысы:
Халық сөзіне берік, уәдесін нақты істей алатын партияны қолдайды. Сол себепті мен «Amanat» партиясының нағыз халық партиясы деп білемін. Сол үшін бүкіл халықты мемлекет басшысының реформаларын іске асыруға шақырамын.
Мына шара да Алматыда өтті. «Жаңа Қазақстан. Күшіміз - бірлікте» деп аталады. 15 мыңнан астам адам жиналған фестиваль-концертті Алматыда құрылған «Жаңа Қазақстан» қоғамдық жастар қозғалысы ұйымдастырды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық теледебат телевизияның шығармашылық әлеуетін көрсетті
01.08.2026, 20:08
Теміржолда 119 мыңнан аса адам еңбек етеді
01.08.2026, 20:07
Теміржолшылар құрметке бөленді
01.08.2026, 20:06
Құрылтай елдің институционалдық әлеуетін арттыруға негіз болмақ
01.08.2026, 20:06
Тұрғындарға тегін құқықтық кеңес берілді
01.08.2026, 20:05
Орал теміржол вокзалы ел игілігіне берілді
01.08.2026, 20:05
Астана әуежайы ірі жүк тасымалдаушы компанияның алғашқы рейсін қабылдады
01.08.2026, 20:05
«Болашақ ойындары»: 16 команда PUBG бойынша Battle Royale турнирінде сынға түсіп жатыр
01.08.2026, 20:04