Түркістан облысының шаруалары көктемгі егіс жұмыстарын бастай алмай отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысының шаруалары көктемгі егіс жұмыстарын бастай алмай отыр

20.03.2022

Геосаяси ахуалдың қатты ушығып кетуіне байланысты Қазақстан қазіргі тарихымызда болып көрмеген қаржылық-экономикалық қиындықтарға тап келіп отыр, - деген Президент, Үкіметтің дағдарысқа қарсы кезек күттірмейтін кешенді шаралар топтамасын тез арада жүзеге асыруға міндетті екеніне тоқталды. «Ең алдымен, ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз ету керек. Бұл – біздің экономикалық қауіпсіздігіміздің негізгі факторы». 

Иә, жағдай мәз емес. Мысал бізде жетеді. Түркістан облысы, Жетісай ауданының шаруалары көктемгі егіс жұмыстарын бастай алмай отыр. Себебі мемлекет тарапынан диқандарға берілетін жанар-жағармай жеткізілмеген. Ал, қыстыгүні қырыққабат еккендер тыңайтқыштардың қымбаттап кеткенін айтады. Үтіртөбелік шаруа Сәулебек Шағырбаев 1,5 гектар жерге қырыққабат еккен. Көкөністің осы түрін жылда өсіретін диқан екі айда қыруар қаражат жұмсаған. Тапқан таянғанын тауысып, енді тыңайтқышқа ақша таппай отырмын, - дейді.

Сәулебек Шағырбаев, шаруа:

Қазірге дейін 1,5 млн теңге шығын кетті. Енді бұған тағы да жанар-жағармай керек. Селитра керек өнім алу үшін, енді барлық нәрсе қымбаттап кетті. Біз қазір шығынға жұмыс істеп жатырмыз шынын айтқанда.

Ауылда 200-ден аса шаруа қожалығы бар. Ондағы диқандардың басым көпшілігі көктемгі егіс жұмыстарын бастай алмай отыр. Шаруаларға тыңайтқыштар мен жанар-майды сатып алу қиынға соғып тұр. Ал, ағын судың бағасы текше метріне 300 ден 870 теңгеге бір-ақ көтерілген.

Рақмет Қожаберген, шаруа:

Селитра берейін десек 360 теңге болып кетті. Өзбекстаннан келетін селитра. Ал өзіміздің Қазақстанның селитрасы 280 болып жатыр келісі. Ертең тамызда берген селитраныне істейміз? Келесі жылға сақтай алмаймыз, қатып қалады.


Хабарламаларға жазылу