Енді мемлекеттік органдар үкіметтік емес ұйымдармен санасады – сарапшы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Енді мемлекеттік органдар үкіметтік емес ұйымдармен санасады – сарапшы

18.03.2022

Президент азаматтық қоғамға үлкен жауапкершілік артып отыр. Енді мемлекеттік органдар үкіметтік емес ұйымдармен санасады. Бұл туралы Азаматтық альянс отырысында айтылды. Ел ішіндегі белсенділер халық пен билік арасындағы алтын көпір. Сондықтан саяси-экономикалық шешімдерді қабылдауға олардың ықпалы тиюі заңдылық. Мұның маңызы Жолдаудан соң арта түсті. Партияларды тіркеу, депутаттарды тікелей сайлау, әкімдердің іріктелуі сияқты елеулі істер азаматтық қоғамның қызу араласуымен өтеді. Жиынға қатысушылар Жаңа Қазақстанды құруға жаңа көзқараспен келеміз деп отыр.

Бану Нұрғазиева, Қазақстанның Азаматтық альянсының президенті:

Мықты дамитын мемлекетте міндетті түрде азаматтық қоғамда мықты болу керек. Неге десеңіз қазір мемлекеттік органдар азаматтық қоғамның пікірін тыңдап, ұсыныстарын қолдайды. Бір кезде алам десе алады, алмаса өздері біледі дегендей. Қазір ондай емес. Қазір міндетті түрде.


Хабарламаларға жазылу