Бас прокуратура жанынан Заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі консультативтік кеңестің құрылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бас прокуратура жанынан Заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі консультативтік кеңестің құрылды

08.04.2016
Бас прокуратура жанынан Заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі консультативтік кеңестің құрылды

Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Кеңестің құрамына көрнекті қоғам қайраткерлері және беделді мамандар енді, олардың тәжірибесі, кәсібилігі және белсенді азаматтық ұстанымы кеңестің алдында тұрған жауапты міндеттерді жемісті шешуге септігін тигізеді. Олардың құрамына депутаттық корпустың, ғылыми ортаның, бұқаралық ақпарат құралдарының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері енді.

Консультативтік-кеңесші органның негізгі міндеттері - еліміздегі заңдылықтың жай-күйін арттыру, мемлекеттің құқықтық саясатты жүргізуге көмек көрсету, прокуратураның үкіметтік емес ұйымдармен және тұрғындармен өзара қарым-қатынасын дамыту және одан әрі жетілдіру болып белгіленді.

Кеңес заңдылықтың үстемдігін қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуының кепілдігін арттыруға, прокуратура қызметіне қоғамдық бақылауды күшейтуге ықпал ететін болады.

Қоғамдық институт азаматтардың құқық қорғау жүйесіне деген сенім деңгейін арттыру және қоғамды толғантатын өзекті мәселелерді шешу жолындағы пәрменді құрал болмақ.

Хабарламаларға жазылу