Мемлекеттік органдар халықтың мәселесін қоғамдық ұйымдармен талқылауы қажет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік органдар халықтың мәселесін қоғамдық ұйымдармен талқылауы қажет

27.06.2018

Бұл туралы бүгін Үкіметтік емес ұйымдардың өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысында айтылды. «Әрбір министрлікте азаматтық қоғаммен жұмыс істейтін арнайы уәкіл  болса, ведомстволармен жұмыс жандана түсетін еді», - дейді кеңес мүшелері. Сондай-ақ, басқосуда балалар мен жастар арасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша атқарылатын жұмыстардағы Үкіметтік емес ұйымдардың рөлі талқыланды. Үйлестіру кеңесінің мұндай дәстүрлі отырыстары мемлекет пен қоғамдық ұйымдар арасындағы тұрақты түрде жұмыс істейтін диалог алаңына айналды.

Зәуреш Батталова, «Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қоры» ҚК президенті:

- Сол уәкілдер дөңгелек үстелде айтылған ұсыныстарды тез жүзеге асырады. Біз бір жыл бойы ұсыныстарымызды айтамыз.

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу