Астананың туған күнінде 37 жұптың некесі қиылмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астананың туған күнінде 37 жұптың некесі қиылмақ

06.07.2014
Астананың туған күнінде 37 жұптың некесі қиылмақ

Астана күніне орай салтанатты неке қию рәсімін өткізу игі дәстүрге айналды. Мереке күні «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешенінде бір уақытта 37 жұптың некесі қиылмақ.

Жас жұбайларға арналған құттықтаулар айтылып, «Думан» ойын-сауық орталығында концерттік бағдарлама ұйымдастырылады. Сыйлықтар беріліп, жүлделер ұтысы өткізіледі. Сонымен қатар, жастар вальс билейді, деп хабарлайды astana.kz.

Салтанатты неке қию рәсімі Астанада жетінші жыл қатарынан өткізіліп отыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл некесін қиған жастар үшін есте қаларлық оқиға, сондай-ақ, патриоттық рухты көтеріп, қаламызды мақтан етуге лайық жағдай.

Хабарламаларға жазылу