Президент елімізде Конституциялық сот құруды ұсынатынын айтты. Бұл бастамалар әділ әрі құқықтық мемлекет құру жолындағы маңызды қадам боларына сенемін, деді. Тағы бір жаңашылдық, бұдан былай сайлау алдында берген уәдесін орындамаған депутаттар мандатынан айырылады. Сонымен қатар, Мәжілістегі депутаттық орынның саны қысқарады. Президент: «-Төменгі палата біреулерге жасанды преференция бермей, елдің бүкіл электоралды ландшафтын көрсетуі тиіс», - деді.