Бағаны негізсіз көтерген әуе компанияларына шара қолданылады
Бағаны негізсіз көтерген әуе компанияларына шара қолданылады. Үкімет басшысы Әлихан Смайылов ұшаққа билет құнын арзандатуды сұраған депутаттық сауалға осылай деп жауап берді. Премьер-министрдің сөзінше, тарифті белгілеу заңмен реттелмейді. Себебі, бұл халықаралық тәжірибеде де жоқ. Ал қызмет көрсету құны арзанырақ «Fly Arystan» компаниясының тарифі өзгермеген деп отыр. Баға маусымдық сұранысқа, әуе кемесінің түріне, орын саны мен ұшу уақытына қарай есептеледі.
Сондай-ақ, Әлихан Смайылов жақында «Fly Arystan» «Air Astana» компаниясынан бөлініп, жеке жұмыс істейтінін хабарлады. Бұдан кейін нарықта бәсекелестік артып, билет бағасы арзандауы мүмкін, дейді Үкімет басшысы.
Айя Мүтәлі
Автор
Айя Мүтәлі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандық қос палуан әлем чемпионы
15.10.2026, 13:17
Жазушы Сайын Мұратбеков мұрасы ұлықталды
15.10.2026, 13:15
Мектепте гаджетті шектеу ұсынылды
15.10.2026, 13:13
Астанада онкологтар бас қосты
15.10.2026, 13:10
Екі елді жалғайтын көпір 12 жылдан соң ашылды
15.10.2026, 13:08
Екі кемеге снаряд тиіп, суға батты
15.10.2026, 13:07
Қазақстандық ғалымдар суперкомпьютер жасауға үлес қосты
15.10.2026, 13:05
«Миранда қағидасы» азаматтардың құқығын қорғайды
15.10.2026, 13:03