Астана шетелдіктер көзімен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана шетелдіктер көзімен

05.07.2014
Астана шетелдіктер көзімен

Барша ел үшін құт мекенге айналған бас қала күн санап гүлдеп, жайнап келеді. Ғаламға құлақ түргізген Елордаға шетелдіктер да қызығып қарайды.

Ләззат Бектас, тілші:

Астана күні мерекесі думандатып, қызықты  тойланып жатыр. Мейрамды тамашалауға Қазақстанның түпкір-түпкірінен және алыс-жақын шетелдерден қонақтар көптеп келуде. Әсем қаланы бір көргеннен-ақ ұнатып, осында тұруға бел буған шетелдік азаматтар да аз емес. Солардың біразы мен таныс болайық.

Бұл - Серж Матондо. Бала күнінен  әнге құмар 29 жастағы жігіт  Конгодан  келген. «Килиманджаро» тобының әншісі Астанаға алғаш сапарында, қазақтың қонақжайлығын көріп, тағамдарына тамсанған екен.

Серж Матондо, «Килиманджаро» тобының әншісі:

Астана - әсем қала. Астана - жастардың қаласы. Астана - әлемге танылған ең жас қала. Мен Астанаға алғаш келгенде шаһар маған қатты ұнады. Содан бері мен Астанада қалдым. Астанамен мақтануға болады.

Ал Өзбекстаннан келген Хасан Шарипов - кәсіпкер. Оның елордада бағы жанды. Ұлын ұяға,  қызын қияға қондырып, немере сүйіп отыр. Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, ұлттар достығына өзіндік үлесін қосып жүр.

Хасан Шарипов, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі:

Қазақтың салт-дәстүрі бойынша қонақтар келгенде ет асылады. Бізде салт-дәстүрді жақсы көреміз. Біз етті жақсы көреміз. Біз қазы-қартасыз тұра алмаймыз. 14 жыл бұрын Астанаға келгенмін. Бүгін көргенде мен ойламағанмын. Астана қаласында өзімнің бизнесім болады. Отбасылық бизнесіміз болады деп ойламағанмын.

Сырт көз сыншы дейміз. Осылайшы шетелдіктердің өзі Астананың көркі мен халықымыздың қонақжайлығына тәнті болып, Елордаға қоныс аударып жатыр.

Ләззат БЕКТАС

Хабарламаларға жазылу