Дәурен Абаев: Бұдан былай шетелдіктер құжатын рәсімдеу үшін 5 күн сабылып жүрмейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дәурен Абаев: Бұдан былай шетелдіктер құжатын рәсімдеу үшін 5 күн сабылып жүрмейді

12.01.2018

«Бұдан былай шетелдіктер құжатын рәсімдеу үшін 5 күн сабылып жүрмейді. Бір сағат ары кетсе екі сағатта құжаттары дайын болады». Бүгін миграциялық Халыққа қызмет көрсету орталығының ашылуында Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев осылай деді. Жаңа форматтағы орталық кедергілерді кемітіп, қызметті жеңілдетті. Астанадағы Иманов көшесі 31-ші үйде орналасқан орталықта шетелдік азамат медициналық байқаудан өтіп, дактилоскопия тапсырып, сақтандыру полисін алып, төлемдер жасауына болады.

Сауран көшесінде ашылған орталықта барлық қызмет автоматтандырылған. Сандық технологиялардың жемісін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев пен  Ақпарат және коммуникациялар министріде өз көзімен көрді. Адам көмегінсіз кез келген азамат 700-ге жуық қызмет түрін алуына болады.

Ғабит БӨКЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу