Жайық жұртшылығы: Көрісу күнін ел болып атап өту керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жайық жұртшылығы: Көрісу күнін ел болып атап өту керек

15.03.2022

Еліміздің батысында ғана тойланатын Көрісу күнін «ел болып атап өту керек» дейді Жайық жұртшылығы. Оралдағы ат спорты бөлімінің жеткіншектері де ежелгі салтты ұстанып, жасы үлкендерге көрісіп шықты.

Көрісу айт – бірлікті бекемдейтін ғұрып. Көнеде көшпелі халық түгел тойлаған деседі. Бүгінде тек Батыс аймақта сақталып қалған. Бұл күні Орал спорт клубы үйірмесінің шәкірттері де салтты жаңғыртып, өзара сайысып, садақ тартып, теңге ілді, серке көтеріп, тай көкпарда шеберлігін танытты. «Наурыздың 14-і - қазақша жыл санау бойынша, 1 наурыз, Жыл басы, әз-Наурыздың бастауы» деседі үлкендер.
Абай Көнеев,  қала тұрғыны:
Бүкіл ел тойлауы керек. Бұл халықтың мейрамы. Ұрпаққа жалғасып, осы Қазақстан бойынша түгел атап өтілуі қажет. 
Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу