Елімізде жаңа мемлекеттік мереке белгілеу ұсынылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде жаңа мемлекеттік мереке белгілеу ұсынылды

21.12.2022

Елімізде 12 желтоқсанды Алаш күні ретінде мемлекеттік деңгейде атап өту қажет. Мәжіліс отырысында Берік Дүйсембинов Үкіметке жолдаған депутаттық сауалында осындай ұсыныс жасады. Ол 1917 жылы 5-12 желтоқсан аралығында Әлихан Бөкейхан Алаш республикасы үкіметінің төрағасы болып сайланғанын және қазақ мемлекетін құруға ұмтылған ұлт қайраткерлерінің рөлін ерекше атап өту қажеттігін айтты. «Тарих тағылымын өскелең ұрпаққа насихаттау мақсатында Алаш республикасының құрылған күнін «Алаш күні» деп белгілеуді сұраймыз», - деді депутат.

Берік Дүйсембинов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Биыл Алаш Республикасының құрылғанына 105 жыл толады. Естеріңізге сала кетейін, 29 маусымда «Ақ жол» фракциясы бұл датаны мемлекеттік деңгейде атап өтуді талап еткен депутаттық сауал жолдаған болатын. Алайда, Үкімет бұл мәселені өкілетті министрліктерге тапсырғаны туралы жүре жауап берген болатын. Өкінішке орай, бұл тарихи дата тағы атаусыз қалды.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу