Амал мерекесі коронавирусқа байланысты тойланбады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Амал мерекесі коронавирусқа байланысты тойланбады

15.03.2020

Амал келді, аман көрдік! Ұлан ғайыр ұлы даламыздың батыс аймағы «Армысың, амал!» деп әз Наурызды қарсы алды. Жылда қасиетті Отпан тауда от жағылып, халық жиналып, қазан көтеретін. Биыл мына жағдайға байланысты ондай сән салтанат болған жоқ. Алайда әркімнің жүрек түкпірінде көктем шуағындай жылылық, ізгілік жатқаны айдан анық.

Уотсап арқылы тарайтын мың сан открыткаға бірінші рет ренжіген жоқпын. Амал мерекесі әрқайсымыздың жүрегімізде, бәріміз ойша құшақтастық. Көрісу көнеден келе жатқан дәстүр.

Көрісу-кешіру-келісу... түп тамыры бірлікке, елдікке жетелейтін, ұлт болып ұйысуға апаратын ұғымдар. Амал келгеніне, бір-бірімізді аман көргенімізге қуана білейік. Елімізге сынақ болып тұрған сәттен аман өтейік. Жаңа жылымыз жақсылығымен келсін!


Хабарламаларға жазылу