Бүгін Маңғыстаудың Отпан тауында бірлік алауы тұтанбақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Маңғыстаудың Отпан тауында бірлік алауы тұтанбақ

13.03.2014
Бүгін Маңғыстаудың Отпан тауында бірлік алауы тұтанбақ
Осымен сегізінші жыл қатарынан маңғыстаулықтар Амал мейрамын қасиетті Отпан тауында атап өтуде. Бүгін сағат 17.00-де «Отпан тау» тарихи-мәдени кешені маңында мәдени шара басталмақ.
 
Кешке қарай дастарқан жайылып, барлық аймақтан ат арытып жеткен меймандарға қонақ асы беріледі. Сонымен қатар,  «Бабалар сазы» атты жыршы-термешілердің концерті басталады. Ал 22.00-де Ұран оты тұтанбақ. Оны биылғы жылдың мерекелік шараларын ұйымдастырушы – Тобыш атаның ұрпақтары жағады.
 
Мейрам 14 наурыз күні де жалғасын таппақ. Бұл күні «Отпан тау» кешеніне бастайтын жолда орналасқан «Ақниет» қорғанының ашылу салтанаты өтеді. Сонымен қатар, жол бойына ағаш отырғызылып, Адай ата ұрпақтарының әруағына дұға оқылады.
 
Бағдарлама бойынша «Амал келді, Амандыққа» атты театрландырылған қойылым халық назарына ұсынылмақ.
 
Аудандық және қалалық шығармашылық бірлестіктердің концерті ұйымдастырылады, одан соң көкпар тартыс басталады. Сондай-ақ, түйе палуан және асық ату сынды ойындар ойнатылады, деп хабарлайды, Lada.kz басылымы.

Хабарламаларға жазылу