Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік музыкалық драма театрында премьера – «Дон Кихот» трагикомедиясы қойылды. Дон Кихот – Мигель де Сервантестің «Дон Кихот» романының сахналық нұсқасы. Романның жарық көргеніне төрт ғасыр өтті – әлі өзекті. Әлемдік шығарма қазақ драма театр сахнасында алғаш рет сахналанып отыр. Және қазақша интерпретация деуге болады. Біздің заман. Біздің қоғам. Біздің болмыс.
Классикалық шығарманың өзі дәл солай жазылған сияқты әдемі жымдастырған. Бұлттай ісінген генералдар, коррупционерлер, бюрократтар. Әуені үндеспеген, әр аспапшы әр жаққа тартқан оркестр. Ала дорбасын көтере алмай сүрініп, құлай беретін көп балалы ана... Сәні келіспеген, тұрғызылмауы тиіс ескерткіш... Байқамай атылған мылтық... Көп енді.
Ақниет Балтанқызы да тамашалады.